20.09.2016, 17:21 3678

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында депутаттардыӊ көшпелі отырысы өтті

Облыс мәслихатыныӊ депутаттары бюджеттен бөлінген қаржыныӊ жергілікті жерлерде игерілуі бақылауда деп отыр.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында депутаттардыӊ көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс мәслихатыныӊ депутаттары бюджеттен бөлінген қаржыныӊ жергілікті жерлерде игерілуі бақылауда деп отыр. Жақында бюджет және экономиканыӊ дамуы жөніндегі комиссиясыныӊ мүшелері көшпелі отырысын Қазығұрт ауданында өткізіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды көрді. Миллиондаған қаржы жұмсалған жұмыстыӊ нәтижесін көріп қайтты. Бұл мүмкіндікті пайдаланған ауыл тұрғындары сайлаған азаматтары алдында ауыз су, газдандыру мәселелерін көтерді.

Елбасыныӊ ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп, халыққа барлық салалардағы тірлікті түсіндіру тапсырмасымен Оӊтүстікте бірқатар шаралар қолға алынған. Қазығұрт ауданындағы Жұмысшы ауылында бой көтерген Алма Оразбаева атындағы орта мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. 200 орынды білім ордасында 263 оқушы екі ауысымда дәріс алып жатыр. Мұнда оқудан бөлек балалардыӊ ой-өрісін дамытуға қажетті түрлі үйірмелер де ашылған. Жаӊа мектепте мүмкіндіктер де көп.

Құрылысты "Шаӊырақ 21" серіктестігі жүргізіпті. Облыс бюджетінен бөлінген 427 млн теӊге толық игеріліп, нысан кестеге сәйкес тапсырылған. Мультимедиялық кабинеттер, арнайы құрылғылармен жабдықталған сынып бөлмелері, асхана мен спорт залыныӊ құрылысы депутаттардыӊ да көӊілінен шықты. Ауылдағы балалар шеберханада тұрмысқа, мектепке қажетті заттарды жасауды үйренуде.

Білім ошақтарын аралап шыққан депутаттар тұрақты комиссияныӊ көшпелі отырысын өткізді. Онда облыс әкімініӊ атқарған жұмысын талқылау барысында аудандағы елдімекендерді газдандыру және ауыз сумен қамту мәселелері де көтерілді.

Жиында сығымдалған газдыӊ бағасы, коммуналды қызметтіӊ тарифтері, жол, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту мәселері де сөз болды. Жылдыӊ соӊына дейін 1 млрд теӊгеден астам қаржы иегірілмей қалу қаупі бар нысандарда жұмыстарды тездету қажет. Оныӊ сапасы да бақылауда болуы керек. Ол үшін мәслихат, әкімдікпен қоян-қолтық жұмысты жалғастыруы тиіс. Өйткені мақсат пен мүдде бір И ол халықтыӊ әлеуетін жақсарту.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны