24.10.2016, 16:35 4138

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Мақтаарал ауданында еӊ үздік қазақ тілі пәнініӊ мұғалімдері анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Қазақ тілініӊ үздік оқытушысы - 2016" байқауы болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Мақтаарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Қазақ тілініӊ үздік оқытушысы - 2016" байқауы болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Бәйгеге өзге тілді сыныптарға қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздар қатысты.

"Өзін-өзі таныстыру", "Оқытушыныӊ жеке портфолиосы", "Сабақ үлгісін көрсету" шарттары бойынша қатысқан ұстаздарға әділ қазылар алқасы біліміне, өзін-өзі ұстауына, портфолионыӊ бірізділігі мен ерекше құрылымына, сабақ өту процессіндегі жаӊа технологиялардыӊ тиімді пайдаланылуына баса назар аударды.

Иділ қазылар алқасыныӊ шешімімен І орынды Ил-Фараби мектебініӊ қазақ тілі оқытушысы, өзбек ұлтыныӊ өкілі Насиба Каландарова иеленді. ІІ орынды №1 М. Горький атындағы мектеп-гимназиясыныӊ қазақ тілі мұғалімі Айнұр Холбаева жеӊіп алса, ІII орынды "Мырзакент" жалпы орта мектебініӊ қазақ тілі мұғалімі Ғалия Төреқұлова еншіледі. Байқауға қатысқан мұғалімдердіӊ дайындығы жоғары болды. Қазылардыӊ жеӊімпаздарды анықтауы да оӊайға соққан жоқ. Бәрі де бір-бір мектептіӊ алдыӊғы қатарлы үздік ұстаздары. Осылайша үздіктердіӊ үздіктері анықталды. Байқаудыӊ барлық қатысушылары орталық тарапынан алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұғалімдерді көтермелеу мен олардыӊ біліктілігін көтеру - адами капиталға салынған ауқымды инвестиция.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны