26.10.2015, 14:05 3596

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ полицейлері Шымкент қаласында кәсіпкердіӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні іздеуде.

2015 жылдыӊ 23 қазан күні, сағат 10.30-дар шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ кезекші бөліміне, Самал шағынауданында тұратын жергілікті тұрғын хабарласып, көршісініӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді

Шымкент. 26 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 23 қазан күні, сағат 10.30-дар шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ кезекші бөліміне, Самал шағынауданында тұратын жергілікті тұрғын хабарласып, көршісініӊ үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері пышақ жарақатын алған үш жәбірленуші азаматты анықтады. Олар, сол үйдіӊ 1973 жылы туылған иесі, оныӊ 2004 жылы туылған қызы және Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарыныӊ студенті сол үйде тұратын жақын туысы 1997 жылы туылған азаматша, деп хабарлайды mvd.gov.kz тілшісі.

Кеуде тұсынан ауыр дене жарақатын алған жәбірленушілер Шымкент қаласындағы ауруханалардыӊ бірініӊ жансақтау бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-ніӊ 24-99-бабымен "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таӊда арнайы жедел тергеу тобы құрылып, аталған ауыр қылмыстыӊ ашылуына бағытталған жұмыстар атқаруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны