08.07.2016, 09:12 4023

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Сарыағаш ауданында, өсімдіктану ғылымында "Сасық Ферула" атанған дәрілік шөпті шекара маӊынан заӊсыз жинап жүрген 21 шетелдік ұсталды.

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядыныӊ (Қазақ-Өзбек шекарасы) бір топ офицерлері Сарыағаш ауданы бойынша ҰҚК аппаратымен бірлесе отырып, Көші-қон туралы Заӊ талаптарын бұзғандығы үшін, Оӊтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бозай ауылдық округыныӊ аумағынан 19 Ауғанстандық, 2 Өзбекстандық азаматты ұстады. Олар бейсауат адам жүруге болмайтын Мемлекеттік шекара маӊында дәрілік шөптер жинаумен айналысып жүрген екен. Ұсталғандар Сарыағаш ауданы бойынша ІІМ басқармасыныӊ қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны