22.01.2010, 16:22 3993

Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар бұрынғы адвокаттар алқасының төрағасымен соттасуда

Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар бұрынғы адвокаттар алқасының төрағасымен соттасуда

Шымкент. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар бұрынғы адвокаттар алқасының төрағасымен Түркістандағы адвокаттар алқасының ғимаратына иелік ету құқығы үшін соттасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы төрағасының міндетін атқарушы Талғат Сапаровқа сілтеме жасап.

Т. Сапаровтың айтуынша, облыстық адвокаттар алқасының бұрынғы төрағасы Түркістандағы адвокатура ғимаратын заңсыз өз меншігіне көшіріп алған. Бұл туралы Түркістанның 13 адвокаты қол қойған, облыстық алқаға былтыр келіп түскен хатта айтылған.

"Бізге Түркістанның 13 адвокаты қол қойған хат келді: "адвокаттар алқасының, біздің мүлкіміз не себепті төраға Илиасқар Жұмабаевтың жеке меншігінде болуы керек" деп жазған", - деді Т. Сапаров.

Оның айтуынша, хатта жазылған жайттар расталған.

"Біз комиссия құрып, мән-жайды анықтадық. Комиссия адвокаттардың шағымын негізді деп мойындады, ол расында да жалпы жиналыстың шешімінсіз, ғимаратты иемденіп алған. Өзіне-өзі тарту жасап, төралқаның атынан бір адвокатқа сенімхат берген, ал ол нотариусқа барып, ғимаратты оған сыйға тартқан. Бұл 2009 жылы болған оқиға", - деді Т. Сапаров.

Т. Сапаровтың айтуынша, істі әзірге құқық шеңберінде шешу мүмкін болмай отыр.

"Біз оған 25 тамызға дейін ғимаратты қайтар деп шарт қойдық. Бізге құқық қорғау органына шағымдануға тура келді. Қыркүйекте оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін, бізде жиі кездесетінін секілді, Түркістан прокуратурасы негізсіз себептермен істі тоқтатты. Бұдан кейін біз облыстық прокуратураға жүгіндік, ол істі тоқтату туралы қаулының күшін жойды. Іс бойынша өндіріс қайта жанданды. Желтоқсанда біз оны төралқадан адвокат ретінде шығардық", - деді Т. Сапаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны