10.07.2009, 17:34 2988

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларының дұрыс жүзеге асырылмау деректерін анықтады

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларының дұрыс жүзеге асырылмау деректерін анықтады

Шымкент. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы облыстың халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінде жүргізген тексерулерінің нәтижесінде өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларының дұрыс жүзеге асырылмау және осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражатты дұрыс жұмсамау деректерін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық прокуратураның хабарламасына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздар саны шұғыл арта түскен. "Егер 2008 жылы жалпы жұмыссыздар саны 8 818 азамат болса, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде ол 15 326 адамға жетіп, өсім 58% болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Жұмыссыздар санын азайту және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен ауқымды қаржы бөлінуде. Оңтүстік өңір тұрғындарын жұмысқа қамту үшін 2008 жылы 238 млн теңге, ал 2009 жылдың 4 айында 51 млн теңге бөлінген. Осыған қарамастан, азаматтардың еңбек құқықтары әлі де бұзылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны