08.06.2015, 12:12 5540

Оӊтүстік Қазақстанда құбырды кесіп, мұнай ұрлағандар қолға түсті

Биылғы жылдыӊ мамыр айында Ордабасы АІІБ кезекші бөліміне Павлодар-Шымкент тасжолында орналасқан магистральды құбырлардан мұнай өнімдері ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер тексере келе, белгісіз тұлғалардыӊ түнде магистральды мұнай құбырларыныӊ бір бөлігін кесіп, мұнай өнімдерін ұрлағанын анықтаған

Шымкент. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Биылғы жылдыӊ мамыр айында Ордабасы АІІБ кезекші бөліміне Павлодар-Шымкент тасжолында орналасқан магистральды құбырлардан мұнай өнімдері ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер тексере келе, белгісіз тұлғалардыӊ түнде магистральды мұнай құбырларыныӊ бір бөлігін кесіп, мұнай өнімдерін ұрлағанын анықтаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға полиция бөлімінде тіркеліп, ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу мақсатында Ордабасы полиция бөлімініӊ тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер екі күдіктіні ұстады. Олар Қызылорда облысыныӊ 1960 жылғы тұрғыны, бұрын-соӊды екі рет осыған ұқсас ұрлық бойынша сотты болған. Ал екіншісі, ОҚО Мақтарал ауданыныӊ 1987 жылғы тұрғыны екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердіӊ бірнеше мұнай ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Ұрылар мұнайды цистерналы автокөлікпен әкетіп отырған. Мұнай өнімдерін сатып, одан түскен ақшаны қажетіне жаратуды жоспарлаған. Қазір жалпы келтірілген шығын анықталып жатыр.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-ніӊ 188-бабы "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны