27.04.2017, 17:05 5002

Оӊтүстік Кореядағы Азия мәдени орталығы қазақ ертегілерініӊ желісінде көрермендерге жаӊа қойылымдар ұсынуда

Орталықтыӊ мұрағатында Қазақстандағы корей диаспорасыныӊ өкілі, белгілі композитор Тен Чудыӊ шығармалары жинақталыпты. Ол осы Кванджуда туғанымен, саналы ғұмырын қазақ жерінде өткізген.

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Азия мәдени орталығы қазақ ертегілерін корей тіліне тәржімалап, соныӊ желісінде көрермендерге жаӊа қойылым ұсынуда. Бүгінде оны 30 елдімекен халқы тамашалап үлгерді,- деп хабарлайды kyzylorda-news порталы.

Мәдени орталық өкілдері алдағы уақытта тағы бірнеше қазақ ертегісін корей тілінде сөйлетуді жоспарлап отыр. Азия орталығы Кванджуда орналасқан. Орталықтыӊ мұрағатында Қазақстандағы корей диаспорасыныӊ өкілі, белгілі композитор Тен Чудыӊ шығармалары жинақталыпты. Ол осы Кванджуда туғанымен, саналы ғұмырын қазақ жерінде өткізген. Қыздар педагогикалық институтында, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қызмет атқарды. Осыдан 4 жыл бұрын Тен Чу дүниеден озды. Азия мәдени орталығы оныӊ музыкалық мұраларын халыққа таныстыруды жөн санайды.

Сонымен қатар, мәдени орталықтыӊ кітапханасынан Азия елдері жазушыларын шығармаларымен танысуға болады. Изірге мұнда қазақстандық қаламгерлердіӊ кітаптары жоқ. Бірақ алдағы уақытта Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстыӊ нәтижесінде жұмыс жандана түсетіндігіне сенім мол.

- Біздіӊ орталық 2015 жылдыӊ соӊына қарай ашылды. Изірге Қазақстанныӊ мәдениеті туралы жинаған материалдарымыз көп емес. Сондықтан, сіздердіӊ мәдениет және спорт министрлігімен келісіп жатырмыз. Олар да бізге көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Изірге, кәріс тіліне қазақтыӊ "Жезтырнақ" "Пері және Мамай" ертегілері аударылып, саханаланды, - дейді Азия мәдени орталығыныӊ президенті Пан Сон Гю.

Азия мәдени орталығы тобыныӊ жетекшісі Чой Джин И ертегіні аудару барысында қазақ халқыныӊ мәдениетімен жақынырақ таныса түскенін айтады. Орталық өкілдері қазақтыӊ салт-дәстүрлері туралы дерек жинап, қуыршақтарды да қолдан жасапты.

- Биыл Қазақстан мен Корея арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толады. Осы айтулы датаға орай Азия мәдени орталығы қазақстандық жазушылар мен суретшілердіӊ көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазақ ертегілерініӊ жинағын басып шығармақ ойымыз бар,-дейді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны