21.11.2012, 19:35 3175

Оңтүстікте 2 гектар аумаққа орналсқан жаңа жылыжай кешені іске қосылды

Көкөніс өнімдерін өсіру үшін жоғары технологиялық кешен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде салынған. "Жылыжай COINSA, S.L. фирмасының испаниялық технологиясы бойынша салынған және 352,8 тонна қызанақ пен 5 млн. дана көшет өндірісіне есептелді", - делінген баспасөз айғағында.

Шымкент. 21-қараша. Kazakhstan Today - - Оңтүстік Қазақстан облысында 2 гектар аумақта "СЗЦ АсарKZ" серіктестігіне қарасты жаңа жылыжай кешені өз жұмысын бастады. Құны 400 млн. теңгеден астам нысанның құрылысын "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.

Көкөніс өнімдерін өсіру үшін жоғары технологиялық кешен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде салынған. "Жылыжай COINSA, S.L. фирмасының испаниялық технологиясы бойынша салынған және 352,8 тонна қызанақ пен 5 млн. дана көшет өндірісіне есептелді. Қазіргі уақытта жаңа жылыжайда қызанақ пен қиярдың көшеттері отырғызылды. Қызанақтың алғашқы өнімі осы жылдың желтоқсан айында жиналады деп күтілуде. Ал қияр қаңтар айына қарай піседі", - делінген баспасөз айғағында.

Бүгінгі таңда "ҚазАгроҚаржы" компаниясы тек қана Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде өндірістік үлгідегі жылыжай кешендерін тұрғызу бойынша 6 ірі жобаны іске асыру үстінде. Оның ішінде Қазақстандағы ең ірі "Аделя" шаруа қожалығының алаңы 11 гектар аумағында жылыжай кешенін тұрғызу үшін жабдық жеткізілуде. Сонымен бірге, отандық компания "ҚазАгроном" ЖШС алаңы 3,2 гектар кешенін тұрғызуды қаржыландыру мәселесін қарастыруда.

Тоқтала кететін жайт, "ҚазАгро" холдингімен түрлі үлгідегі жылыжайлардың құрылысы бойынша 29 жоба мақұлданды, оның жалпы құны 24,6 млрд. теңге болса, жиынтық қуаты жылына 35,4 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін шығарады. Қазіргі таңда құны 12 млрд. теңгенің 15 жобасы іске қосылған.

"ҚазАгро" холдингінің сарапшылары жылыжай өндірісінде жаңа технологияларды қолдану өнімділікті едәуір жоғарылатуға ықпал ететінін алға тартады. Бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 есеге төмендейді және жұмыс күші де үнемделеді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта енгізілетін технологиялар суды 2-3 есеге үнемдесе, өсімдіктердің түрлі ауруларға ұшырауына да жол берілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны