04.12.2007, 16:48 3209

Оралда қоғамдық көліктердегі жолақы тарифтері көтерілді

Оралда қоғамдық көліктердегі жолақы тарифтері көтерілді

Орал. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оралда қоғамдық көліктердегі жолақы тарифтері көтерілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оралдың жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Нұрлан Бекқайыр хабарлады.

"Бұл жанармай мен автокөліктердің қосалқы бөлшектері шығындарының күрт өсуіне байланысты болып отыр",- деп түсіндірді Нұрлан Бекқайыр.

"Тасымалдаушылар жолаушылар тасымалдау тарифтерін көтеру туралы ұсыныстар жасады. Икімшілікпен жасалған келісім шартта, жанармай, қосалқы бөлшектер мен басқа да қажеттіліктер шығыны 10 пайыздан артық өскен жағдайда тарифтерді көтеру туралы мәселені қарастыруға болады деп айтылған",- деді Нұрлан Бекқайыр.

Сондай-ақ тасымалдауышлардың өздері 25 теңге көлеміндегі бұрынғы тариф олардың шығындарын жаппағандығын айтуда. 3-желтоқсаннан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы тарифтері 25 теңгеден 35 теңгеге дейін өседі. Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, бұл біртұтас тарифтер қалалық көліктердің барлық түрлері үшін жарамды болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны