27.05.2019, 21:33 8632

Оралда полиция қызметкерлеріне жазған айыппұлдарының санына қарай сыйақы тағайындау ұсынылды

"Біз полиция қызметкерлерін олар салған әкімшілік айыппұлдардың көлеміне қарай қосымша ақшалай төлемдермен ынталандыру туралы ұсыныс енгізіп отырмыз", - дейді "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева.

Орал. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Оралда полиция қызметкерлеріне жазған айыппұлдарының санына қарай сыйақы тағайындау ұсынылды. Осылайша полиция қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою жоспарланып отыр.

"Біз полиция қызметкерлерін олар салған әкімшілік айыппұлдардың көлеміне қарай қосымша ақшалай төлемдермен ынталандыру туралы ұсыныс енгізіп отырмыз", - дейді "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева.

Бұған қоса облыста тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту жұмыстарының жоспары шеңберінде "Пара беру - сатқындық" атты кең ауқымды науқан өткізілуде. Оның мақсаты - жүргізушілерді аталған құқық бұзушылық үшін жүктелеін жауапкершілік жөнінде ескерту болып табылады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері жұртшылықты жолдардағы мониторинг шарасына қатысу арқылы ынтымақтастыққа шақырады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе отырып қала тұрғындарымен бірге Оралдағы жолдарды тексеріп шықпақшы. Жолдардағы проблемалар туралы жобалық кеңсеге әркім Facebook желісіндегі арнаулы парақша немесе WhatssApp чаты арқылы хабар бере алады.

"Қала тұрғындарын жолдардағы қауіпсіздік мониторингіне қосылып, бізге хабарлап отыруға шақырамыз",- деді Әлия Салиева.

Осындай ықпалдастықтың алғашқы нәтижелері көріне бастағанын айта кету керек. Мәселен, 2 мамырда жобалық кеңседе апат жиі шығатын "Айтқұлов- Жәңгір хан", "Махамбет-Көкшетау" көшелерінің қиылысындағы күрделі жағдай талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша аталған жол бөліктеріне "жатын полицейлер" төселіп, күшейтілген патрульдеуге алынды. Кешенді тексеру жолдағы белгілердің, бағдаршамдар мен жол таңбаларының, ақпараттық жүйелер мен жүргізушілерді бағыттау белгілерінің сапасын анықтайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны