05.06.2008, 10:56 1394

Оралмандар ресми түрде азаматтық алуды күтпестен зейнетақы рәсімдеп, жұмысқа тұра алады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Оралмандар ресми түрде азаматтық алуды күтпестен зейнетақы рәсімдеп, жұмысқа тұра алады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оралмандар ресми түрде азаматтық алуды күтпестен зейнетақы рәсімдеп, жұмысқа тұра алады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан үкіметі 2008 жылдың 30 мамырындағы №524 қаулыны қабылдады. Оған сәйкес оралманның куәлігі негізінде әлеуметтік жеке код (ИЖК) берілетін құжаттар тізіміне енгізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жұмысшының жұмыс берушіге жұмысқа қабылдануы кезінде ИЖК ұсынуы ҚР Еңбек кодексінің міндетті шарты болып табылады. Бұрынғы тәртіп бойынша ИЖК алу үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет болатын (туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе ҚР азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының уақытша тұру куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі).

Оралмандар болса, осы құжаттарды алудың барлық процедураларының аяқталуын күтуге тура келген. Бұл жұмысқа тұру мәселесін қиындатқан. Енді, оралман құзырлы орган - "ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК мен оның тұрғылықты жері бойынша құрылымдық бөлімшелеріне барып, оралман куәлігін көрсетіп, ИЖК ала алады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны