06.11.2019, 17:07 5937

"Қордай" өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына "Гашиш" есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді

Есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылды.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Қордай шекара жасағының аумағындағы "Қордай" өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына "Гашиш" есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді (жалпы салмағы 782 г.). Есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылды. Қазіргі уақытта есірткі тасымалдаушы ұсталған затымен бірге тиісті анықтау органдарына тапсырылды. Тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны