02.05.2018, 20:41 3626

Өрт сөндіруші үшін ерлік - күнделікті жұмыс

Кейбір адамдар үшін ерлік күнделікті жұмысқа айналған. Ол адамдар өзіміз сияқты, біздіӊ ортамызда өмір сүреді. Біз оларды дүкенде, кинода, далада кездестіргенде олардыӊ әрбіреуініӊ арқасында талай әйел адам, бала, қарттардыӊ өмірі сақталып қалғаны туралы ойламаймыз да, білмейміз.

Петропавловск. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Кейбір адамдар үшін ерлік күнделікті жұмысқа айналған. Ол адамдар өзіміз сияқты, біздіӊ ортамызда өмір сүреді. Біз оларды дүкенде, кинода, далада кездестіргенде олардыӊ әрбіреуініӊ арқасында талай әйел адам, бала, қарттардыӊ өмірі сақталып қалғаны туралы ойламаймыз да, білмейміз. Олар әрдайым басқала адамдардыӊ өмірін құтқару үшін өз өмірін қауіпке төӊдіріп, қорқыныш, күмән дегенді білмейді. Ол жігерлі, қайсар мінезді, күш-қуаты темір үзердей адамдар. Олардыӊ бірі - Петропавл қаласыныӊ №3 МӨСБ бөлімше командирі Жасұлан Есқалиев.

Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айында Петропавл қ. көппәтерлі тұрғын үйінде өрт орын алды. Шақырту орнына Петропавл қаласыныӊ №3 МӨСБ өрт сөндірушілері, оныӊ ішінде азаматтық қорғау прапорщигі Ж. Есқалиев келіп жетті. Өрт туындау ошағыныӊ басталған жері белгісіз болды. Жасұлан Жомартұлы басқарған газ түтіннен қорғау қызметі буыны барлауға кірісті. Сауатты, тиянақты іс-әрекеттерініӊ арқасында 38 адам көшіріліп, оныӊ ішінде 10 бала, өрт қысқа уақытта тежелді.

"Мен басшылықтыӊ өрт орнында сауатты әрекеттерім үшін ынталандыратынын білгенде, торығып қалдым: ерлік жасамадым, өз жұмысымды ғана орындаймын. Бөлімшеде де бізде өте ақылды, сауатты және жігерлі жігіттер көп. Жалпы, мен қызмет жылдары ішінде қол жеткізген жетістіктерімніӊ бәрі - от пен судан бірге өткен меніӊ әріптестерімніӊ қолдауы арқасында", - мойындайды Жасұлан.

Мектепте мен батыл өрт сөндірушілердіӊ жұмысына тәнті болдым. Искерден кейін мамандықты таӊдаған жоқпын: тек туған Петропавлдыӊ өрт күзетіне! Жасұланныӊ жетекшілері тәжірибелі бөлім командирлері мен бөлімше басшылары болды.

"Бұл шынайы "сөндірушілер" болды. Олар бізді жұмысымызда көмектесетін көптеген қыр-сырлар мен дағдыларға үйретті. Мысалы, масканы шешпей, алдымен органдарды қорғауға және тыныс алуға арналған аппараттан босатылу қажет болғанда, оны ойыққа өткізіп, кейін соӊынан еріп, тар ойық арқылы бөлмеге ену тәсіліне. Немесе кері тәртіпте", - дейді Жасұлан.

Бұл дағдылардыӊ көбісі оған шатырлар мен жертөлелерде өрт сөндіру кезінде пайдалы болды.

Есқалиев Жасұлан - бөлімніӊ үлгілі командирі. Мұны тек грамоталар мен медальдар, кәсіби дайындықтағы табыстар ғана емес, сонымен бірге әріптестердіӊ құрметпен қарым-қатынасы да дәлелдейді. Ол Солтүстік Қазақстан облысыныӊ өртке қарсы қызметтіӊ гарнизонында бөлімніӊ үздік командирі ретінде құрмет тақтасында жиі болды. Көптеген жылдар бойы Жасұлан - өрт-қолданбалы спорт бойынша гарнизон командасы жарналарыныӊ тұрақты қатысушысы.

Жасұланныӊ еске алары бар: көптеген қарапайым және күрделі өрттер сөндірілді, дулыға еріген кездер болды және басқа адамдардыӊ өмірлері үшін жүздеген рет тәуекелге барды.

"Қызмет жылдары бойы үлкен тәжірибеге ие болдым, және жас қызметкерлермен бөлісетінім бар, бірақ жалған айтпайын: зейнетке шығу жасым жақындатып бара жатыр, әр түрлі ойлар кіреді, бірақ мен әрдайым өрт сөндіру қызметісіз өзімді көрмейтінімді түсінемін", - мойындайды Жасұлан Есқалиев.

Айтуған Бекенов

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ

Петропавл қ. 3-ӨСБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны