26.02.2018, 17:27 4572

Орталық сайлау комиссиясы сайлауда халықаралық бақылауға дайындық бойынша семинар өткізді

Семинардыӊ мақсаты - бақылаушыларды Ресей Федерациясыныӊ 2018 жылдыӊ 18 наурызында болатын Президент сайлауыныӊ құқықтық реттелуі және сайлау жүйесініӊ ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасыныӊ Орталық сайлау комиссиясы мен ТМД ХПА қатысушы елдері Азаматтардыӊ сайлау құқығын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау бойынша халықаралық институтпен (Халықаралық институт) бірлесіп "Ресей Федерацисыныӊ Президент сайлауына халықаралық бақылауға дайындық бойынша" семинар ұйымдастырылды.

Семинардыӊ мақсаты - бақылаушыларды Ресей Федерациясыныӊ 2018 жылдыӊ 18 наурызында болатын Президент сайлауыныӊ құқықтық реттелуі және сайлау жүйесініӊ ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.

Семинар жұмысына 2018 жылдыӊ 18 наурызында өтетін Ресей Федерациясындағы Президент сайлауына түрлі халықаралық ұйымдардыӊ миссиялары құрамында қысқамерзімді бақылаушы ретінде жіберілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаныӊ айтуы бойынша, Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар және сайлау комиссияларымен бірігіп, Ресейдегі Президент сайлауына ТМД, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ШЫҰ миссияларыныӊ құрамында 170 қысқамерзімді бақылаушылар жібереді.

Семинар аясында ТМД ХПА Кеӊесі хатшылығыныӊ жетекшісі- ТМД ХПА қатысушы елдері Азаматтардыӊ сайлау құқығын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау бойынша халықаралық институт директоры Гладей Д.Г., РФ Конституциялық сотыны Төрағасыныӊ кеӊесшісі, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясыныӊ профессоры, заӊ ғылымдарыныӊ докторы, Карцов А.С., сондай-ақ, Санкт-Петербор мемлекеттік университетініӊ профессоры Ткаченко С.Л. сөз сөйледі.

Өз баяндамаларында Халықаралық институт сарапшылары ТМД қатысушы елдерініӊ сайлау процесстерініӊ реттелуі және халықаралық сайлау бақылауы бойынша мәселелерді көтерді.

Атап өтсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Халықаралық институт өкілдерініӊ қатысуымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны