28.01.2013, 10:24 2984

Осы аптаның басында еліміз аймақтарының басым бөлігінде күн қатты суытады

Синоптиктер осы апта басында елімізде күн қайта суытады деп ескертті. "Қаңтардың 28-інде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күрт төмендеп, 10-15, кей жерлерде 25 градусқа дейін суытады. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал қаңтардың 29-ында Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде термометр көрсеткіштері -25-30, кей жерлерде -35 градусқа дейін төмендейді.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Осы аптаның басында еліміз аймақтарының басым бөлігінде күн қатты суытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Синоптиктер осы апта басында елімізде күн қайта суытады деп ескертті. "Қаңтардың 28-інде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күрт төмендеп, 10-15, кей жерлерде 25 градусқа дейін суытады. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал қаңтардың 29-ында Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде термометр көрсеткіштері -25-30, кей жерлерде -35 градусқа дейін төмендейді.

"Қазгидрометтің" болжамынша, қаңтардың 25-і мен 27-ісі аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, кей аймақтарда 25 метрге дейін жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны