11.05.2017, 15:41 4124

Осыдан 30 жыл бұрын журналист тапқан дерекке сәйкес Қызылорда тумасыныӊ тарихы анықталды

Осылайша отыз жыл бұрын жас журналист Серік Дінахметов пен ардагер Мәріпжан Қасымбеков арасында жазылған хат біраз тарихтыӊ шетін шығарды.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Сексенінші жылдардыӊ ортасында қазақ журналистикасына келіп қосылған талантты топтыӊ ішінде Серік Дінахметов есімді жігіт бар еді. Университетті сырттай оқып жүріп "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), Алматыдағы "Теміржолшы", Ақтөбедегі "Болат жол" газетінде қызмет істеді. "Елге оралып біршама уақыт құрылысшы болып жұмыс істеді. Кейінірек Жезқазғанға қызмет ауыстыруға қамданып жүретін еді" дейді оны білетіндер. Баратын күні ұшақтан қалып қойған Серік, бір апта ауылда аялдап қалып еді. Сапарына санаулы күндер қалғанда мотоциклмен жол апатына ұшырайды. Жаратқанныӊ жазуы ғой, кеншілер қаласына қоныс аударуды көптен күтіп жүрген Серік туған жер төсіндегі бір төмпешік болып қала берді. Бұл 1985 жыл еді.

Былтыр Жеӊіс мерекесі қарсаӊында редакцияға Серіктіӊ інісі Жомарт есімді азамат соқты. Қолында марқұм ағасына Ұлы Отан соғысынан кейін Украинада қалып қойған Мәріпжан Қасымбеков есімді қандасымыздыӊ жазған хаты бар.

- Серік ізденгіш еді. Қайтыс болатын жылы облыстық "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы") газетінен Одессада қалып қойған Сыр азаматы жөнінде оқыпты. Өз бетінше іздеп жүріп, мақала кейіпкерін тауып алды. Туған жерден жырақтап кеткен жерлесімізбен хат алысып жүретін,- дейді Жомарт. Хат жолдарынан елге деген сағыныш лебін сезген ол республикалық басылымдарға одессалық Мәріпжан ардагер жайлы очерк әзірлемек еді, тосыннан келген қаза оған үлгіртпеді.

Сарғайған парақтарды қарап отырмыз. Жомарт аға мұрасын көзініӊ қарашығындай сақтапты. Қағаздыӊ түсі оӊғанмен бояуы күні кеше жазғандай анық көрінеді. Осыдан тура отыз жыл бұрын жазылған хатқа көз жүгіртсеӊіз, бір жып-жылы леп бетіӊді шарпығандай болады.

"...Қарағым, Серік Дінахметов! Сеніӊ жазған хатыӊа жауап бермеуге правом жоқ. Айтқан жылы сөздеріӊе көп рахмет. Туған жерім Қызылорда облысындағы Жаӊақорған ауданы. Дария жағасындағы Бесарық деген ауылды кіндігім кесіліп еді..." деп бастапты ақсақал хатын.

Осыдан отыз жыл бұрынғы жазылған хатта ауылдыӊ соғыс алдындағы бар тіршілігі суреттеліпті. Заман ағымына сай Ворошилов есімін иеленген ұжымшардағы мектеп үлкен баудыӊ жанында болыпты. Осы мектепте бірінші сынып партасына отырған Мәріпжан Қасымбеков жеті жыл үздік оқиды. Көркемөнерпаздар үйірмесін басқарған жалынды жастыӊ алға қойған арманы да көп болған көрінеді. Тек соғыс деген сұрапыл аяқ асты киіп кетіп, бәрін тас-талқан етіпті.

Ауыл баласыныӊ ерте есеюге талпынатыны белгілі ғой. Оныӊ үстіне комсомолға қатарынан бұрынырақ өту үшін жасын қостырып жаздырғаны бар еді. Сөйтіп құжат бойынша 1942 жылы 19-ға ілінген Мәріпжанныӊ шын жасы небәрі 17-де ғана еді. Осы жылы 6 шілде күні майданға аттанған ауылдастарыныӊ ортасында жап-жас Мәріпжан да бара жатты. Ол туралы өзі хатта: "Армияға шақырғанда документ бойынша мені 19 жаста дейтін еді ғой. Комсомол болам деп екі жасты қосып алған мен осылайша 17 жасымда шырылдап, бір жарым пұт талқанды көтере алмай жылап кеткен жайым бар еді ғой" деп жазады.

Бозбала Мәріпжан Орынбор облысы Чкалов ауданындағы минометшілер дайындайтын бөлімге түседі. Мұнда кескілескен майдан жүріп жатпағанымен де соғыстыӊ дүбірі естіліп қалады. Исіресе, күші басым жау мен өліспей беріспеске бекінген Кеӊес әскерлерініӊ алма-кезек шабуылынан Сталинградтыӊ түбі қан қасап болып жатқан кез. 1942 жылдыӊ қыркүйегінде бұларды осы 1062 атқыштар полкі құрамында қаланыӊ Клец бағытын қорғауға кірісті.

Мәріпжан ақсақал хатында сол бір сұрапыл кезеӊді былайша суреттейді: "... қыс түскенше қорғанысты ұстап тұрдық. Қазақтыӊ "Жұт жеті ағайынды" деген мәтелін дәл бейнелейтін жағдайды бастан кештік. Қатып қалған нанды кезек қажап, әл жинаймыз. Сол жылғы қыс та ерекше суық болды. Кейде маған көкжиекке дейінгі аппақ қардыӊ бәрі қанға бөгіп жатқандай елестейтін. Осындай күндердіӊ бірінде жараланып, госпитальге түстім".

Жау құрсауы күннен-күнге қысып барады. Бұлар Клецті, тастап, Курскіге ойысты. Курск шайқасы немістердіӊ жаӊа қару-жарағын сынау алаӊы іспетті сияқты еді. "Моторлар соғысы" деген атау алған Курск майданы көзіне қан толған фашистер үшін Мәскеуді алудыӊ мүмкіндігі болса, бес қаруы сай жасанған жауға тойтарыс берген Мәріпжан секілді мыӊдаған Кеӊес сарбаздары үшін соӊғы табан тірер тиянақ еді. Қырық тоғыз күнге созылған шайқас 1943 жылдыӊ 23 тамызы күні Кеӊес әскерлерініӊ Харьковты азат етуімен аяқталды.

Бесарықтан шыққан Мәріпжан бұдан кейін Чехословакия, Югославия, Австрияны азат етуге қатысты. Жеӊіс хабарын Венгрия астанасы Будапештте естіді. Соғыстан кейін Одесса түбіндегі Ананьев қаласындағы әскери зауытқа жіберіледі. Осында жүріп Любовь Константинқызымен танысады. Көӊілдері жарасып, шаӊырақ көтерді. Дүниеге 2 ұл, 2 қыз келді. Осылайша Сырдарияныӊ жағасында өскен Мәріпжан одессалық болып шыға келді. Осында арнаулы білім алып, аудандық ет дайындау бірлестігіне жетекшілік етті. Зейнетке шыққасын 86 атқыштар дивизиясыныӊ ардагерлер кеӊесін тұрақты мүшесі болды.

"... соғыста қазақ жігіттері көп болды. 62 деген оӊай жас емес екен, аттарын ұмытыппын. Бірақ біз, ұлы Абайдыӊ ұрпақтары, адал соғыстық. Ешкімніӊ алдында еӊсеміз түспейтіндей шайқастық. Сонау алыстан іздеп, хабарласқаныӊа рахмет. Елге, отбасыӊа сәлем айт" дейді қарт майдангер.

Ардагердіӊ туған ауылына сұрау салдық. Қазіргі Талап ауылында 1942 жылдыӊ 6 шілдесі күні майданға аттанған Мәріпжан Қасымбеков жайлы білетіндер жоқ болып шықты. Осыдан 74 жыл бұрын майданға аттанған Мәріпжан Қасымбековтіӊ бір дерегін білмек болған бізге Жаӊақорғандағы "Талап" ауылдық округінен Бақтияр Дүйсенбаев көп көмек көрсетті. Бесарық ауылыныӊ әкімі Илібек Абдуллаев ақсақалдыӊ туған келінін тауып берді. Мәріпжанныӊ қайтыс болған Арысхан деген інісініӊ жұбайы Қыздаркүл апай қайнағасын тоқсаныншы жылдардыӊ ортасында көргенін айтады. Ата-бабасы жатқан қорымға келіп, құран оқытқан майдангер содан кейін қайтып соқпаған көрінеді. Жақындарынан тұшымды дерек ала алмағасын өзі хатта жазған деректер бойынша ғаламторды ақтардық,

Бір қызығы, ғаламторда тағы бір Мәріпжан Қасымбеков жүр. Оныӊ да тұрғылықты жері Ананьев қаласы. Отыздан енді ғана асқан жігіттіӊ әкесініӊ есімі Сергей екен. Мәріпжан ақсақал хатында екінші ұлыныӊ атын Сергей деп жазғандықтан бұл жігіт майдангердіӊ немересі болар деп болжадық. Болжамымызды тексеріп көрмек болып, электронды поштасына хат та жаздық.

Міне, керемет! Жас Мәріпжан біздіӊ жерлесіміздіӊ немересі болып шықты. Атасыныӊ құрметіне қойылған есімін мақтан тұтатын жас жігіттіӊ жазуынша үлкен Мәріпжан 2002 жылы қайтыс болыпты. Өз әкесі Сергей осыдан 2 жыл бұрын ойылған мұз астына кеткен адамдарды құтқарам деп жүріп опат болыпты. "Атам Мәріпжанныӊ айтуымен әскери саланы таӊдаған әкемніӊ басқаша жасауы мүмкін емес еді, мен оны мақтан тұтамын" дейді кіші Мәріпжан.

Осылайша отыз жыл бұрын жас журналист Серік Дінахметов пен ардагер Мәріпжан Қасымбеков арасында жазылған хат біраз тарихтыӊ шетін шығарды. Біраз бейтаныс жандармен таныстырды. Сарғайған парақтағы ақсақалдыӊ елге деген сағынышы жүрегімізді сыздатты.

Тамыры Сырда жатқан Қасымбековтер әулеті осылайша қиян шетте қала беріпті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны