28.12.2010, 11:09 7517

ОСК президенттің өкілеттігін ұзарту туралы референдумның бастамашы тобын тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыс барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің өкілеттігін дейін ұзарту туралы референдумның бастамашы тобының өтініші қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыс барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің өкілеттігін дейін ұзарту туралы референдумның бастамашы тобының өтініші қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ОСК таратқан хабарламасында, "27-желтоқсан күні ОСК отырысында ҚР Президентінің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдумның бастамашы тобын, сондай-ақ оның республикалық референдумға ұсынылып отырған мәселесін тіркеу туралы қаулы қабылдады",- деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ ОСК бастамашы тобы өкілдеріне тиісті куәлік пен азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтарының берілгендігі туралы хабарлады.

ОСК хабарлауынша, "бастамашы топты тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына 2010 жылы 23 желтоқсанда ұсынылған болатын".

"Ұсынылған құжаттарға сәйкес 320 адамнан тұратын бастамашы топ референдумға қатысу құқы бар және шамамен алғанда әр облыстан, Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қаласынан тең өкілдік ететін 850 азамат қатысқан жиналыста құрылған",- деп айтылған хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдумды тағайындау туралы мәселеге бастамашылық ету үшін референдум бастамашылары барлық облыстарды, Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қаласын тең мөлшерде білдіретін кемінде 200 мың азаматтың қолын, яғни әрбір өңірден 12,5 мыңнан кем емес қол жинауы тиіс. ОСК отырысы барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бастамашыл топтың жетекшісі ретінде белгіленіп, оған арнайы куәлік пен қол қою парақтары табыс етілді.

"Бастамашыл топ қолдарды жинауды ұйымдастыруға Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен, яғни бүгіннен бастап кірісуге құқылы. Оларға куәлік табыс етілген сәттен бастап, барлық өкілеттікке ие", - деді ОСК Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Естеріңізге сала кетсек, Н. Назарбаев ҚР президенті лауазымын 1990 жылдан бері атқарып келеді.

1995 жылы бүкілхалықтық референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша елбасы Н. Назарбаевтің өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылған болатын.

Н. Назарбаев 1999 және 2005 жылдары өткен президент сайлауларында жеңіске жеткен болатын. Ал оның өкілдік мерзімі 2012 жылы аяқталуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны