06.04.2007, 17:03 3581

Өскемен ойынханалары Щучинскге немесе Қапшағайға көшуді әзірге жоспарлап отырған жоқ

ӨСКЕМЕН. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменнің бір де бір ойынханасы Щучинскге немесе Қапшағайға көшуді әзірге жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі Ринат Бұтажанов хабарлады.

"Бүгінгі күнге дейін біздің бөлімге өзінің ойынханасын Щучинскіге немесе Қапшағайға ауыстыру туралы өтінішпен аталмыш салада жұмыс істейтін бір де бір кәсіпкер келген жоқ. Тіптен, өзінің бизнесін ол жаққа көшіруді түсіндіру немесе кеңес беру туралы өтініш те білдірмеген",- деп атап өтті Ринат Бұтажанов.

Р. Бұтажановтың ақпараттарына сүйенсек, 1-ші сәуірде Өскеменде 9 ойынхана және 88 ойын автоматтарының залы жабылған. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша іс-қызметтің аталмыш түріне берілетін лицензия ойын бизнесінің 61 субъектісіне берілген. "Бүгінгі күнге дейін барлық ойынханалар өз лицензияларын қайтарған, ойын автоматтарының белгілі себептерге байланысты тек төртеуінен басқасы да осылай еткен. Олардың иелері қалада жоқ",- деп түсіндірді Ринат Бұтажанов.

Қазір Өскеменде ойын бизнесі саласында жұмыс істеген 700-ге жуық адам жұмыссыз қалды. Ринат Бұтажановтың айтуынша, кәсіпкерлер бірнеше ойынхананы кофеханаға, бильярдт клубына өзгертуде. "Біз жұмыссыздарға бүгінгі күнде нарықта талап етілетін мамандықтарды игеруге ұсыныс жасап отырмыз. Немесе аспазшы, токарь, шаштараз, электрик болуды ұсындық. Бұл мамандықтарға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тегін оқытады",- деді Р. Бұтажанов.

Мамандар облыс орталығының бюджеті ойын бизнесінің жабылуынан кейін ешқандай зардап шекпейді деп отыр. "Ойынханалар мен ойын автоматтарының залдарынан түскен екі жүз қырықтан астам миллион теңгенің орнын толтыруға болады",- деген сенімде Ринат Бұтажанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны