26.10.2015, 17:02 4054

Өскеменде экскаватор 8 автокөлікті жайпап өтті

Өскеменде Грейдерная мен Бажов көшелері қиылысында тежеу жүйесі істен шыққан экскаватор сегіз автокөлікті қағып өтті. Полиция қызметкерлерініӊ ақпараты бойынша, қақтығыстан адамдар жарақаттанбаған

Өскемен. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде Грейдерная мен Бажов көшелері қиылысында тежеу жүйесі істен шыққан экскаватор сегіз автокөлікті қағып өтті. Полиция қызметкерлерініӊ ақпараты бойынша, қақтығыстан адамдар жарақаттанбаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға куәгерлерініӊ айтуы бойынша, арнайы техниканыӊ көпірден түсіп келе жатқан бағытында тежеу жүйесі істен шыққан, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Бажов көшесі бойында бірнеше автокөліктер қатары үлкен техникаларға жол беріп тұрдық. Кенеттен бізге қарай келе жатқан экскаваторды байқадық. Бағдаршам қызыл белгісін көрсетіп, барлық көліктер тығыз қашықтықта тұрғандықтан шегінерге жол болмады", -деп баяндады оқиға қатысушысы болған жүргізуші.

Ақырында экскаватор 8 автокөлікті қағып өтті, олар: жүк тасымал ГАЗелі, ВАЗ 2101, Toyota Carina, Nissan Sunny, Toyota Carib, Mitsubishi Galant, Totota RAV-4 мен УАЗ Patriot.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны