06.10.2009, 18:24 4294

Өскеменде "Этноауыл" деп аталатын ауқымды жоба жүзеге асырылады

Өскеменде "Этноауыл" деп аталатын ауқымды жоба жүзеге асырылады

Өскемен. 6 қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде "Этноауыл" деп аталатын ауқымды жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев әзірге "Этноауыл" деп аталатын ауқымды жобаны облыс орталығында жүзеге асыруды ұсынып отыр.Өңір басшысының тағы бір ұсынысын әңгіме барысында Шығыс Қазақстанның кіші Ассамблеясының мүшелері қолдады. Бұның мақсаты - әрбір ұлттық-мәдени орталық қандайда бір уақыт өткізу мекемесін салады. Мәселен, спорттық-сауықтыру кешені немесе ұлттық тағамдар мейрамханасы. Дәлірек айтсақ бұл жобаны іске асыруға түрлі диаспоралардан шыққан кәсіпкерлер атсалысады. Мемлекет тарапынан оларға жер алуға, коммуникация жеткізуге және төмен баға құрылыс материалдарын алуға көмек көрсетіледі. Қалғаны - бизнесті сауатты ұйымдастыру, ұлттық мәдениет пен тілді қолдау - ҰМО-ның еншісінде. Осы жобаны орындаудың концепциясын жасауға бір ай уақыт беріледі. Енді қараша айының бас кезінде ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері салынатын жобалардың тұсауын кеседі. Олардың әрқайсысы ұлттық ерекшеліктермен айшықталады.

Айта кететін маңызды жағдай, Шығыс Қазақстан жеке инвестициялар есебінен осы сынды ауқымды жобаны жүзеге асырғалы отырған еліміздегі алғашқы өңір.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны