20.04.2007, 13:27 3453

Өскеменде кене шаққан 100-ден астам адам ауруханаға жүгінді

ӨСКЕМЕН/СЕМЕЙ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменде бүгінгі күнге дейін кене шағып, медицина мекемелеріне жүгінген адамдардың саны 110 адамға жетті, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің қалалық басқармасынан.

Мамандардың айтуынша, бірінші зардап шеккен адам ауруханаға 29-наурызда келген.

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы кене шаққан 697 адам Өскеменнің медициналық мекемелеріне жүгінген.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының орталығында энцефалитпен аурған бір адам тіркелген, ал 2005 жылы мұндай төрт оқиға тіркелген.

Сондай-ақ, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің облыстық департаментінен аймақта кене энцефалитінің алдын-алуға қытысты іс-шаралар жүргізудің басталғандығын хабарлады. Атап айтқанда, қазір мамандар кенеге қарсы өңдеу жүргізілетін жердің шегі мен аумағын, іс-шараларды жүргізу реті мен мерзімін анықтауда және де оларды жүргізуге бақылау жасайды.

Эпидемиологтардың мәліметтеріне сүйенсек, сауықтыру мекемелерінің маңында, лагерьлер мен демалыс және туризм базаларының аумағында, адамдар көп баратын орман алқабтарында кенеге қарсы өңдеулер жүргізу жұмыстары басталып та кеткен.

Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінде бюджет қаржысының есебінен кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинациялау бөлмелері ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны