24.07.2007, 11:51 2695

Өскеменде күн сайын өрт сөндірушілерді шақыру көлемі екі есе артты

ӨСКЕМЕН. 24 шілде. Kazakhstan Today. Өскеменде күн сайын өрт сөндірушілерді шақыру көлемі екі есе артты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық өртке қарсы күрес қызметі басқармасының аға инженері Ринат Қондыбаев хабарлады.

"Идетте жаз маусымдарында 10 - 15 шақыру болса, қазір өрт сөндірушілер өрт шыққан жерлерге бұдан екі есе артық баруға мәжбүр болуда", - деді Р. Қондыбаев. "Өрттердің шығуына шабылған шөптің орнын ешкім тазартпайтындығы себеп. Құрғақ шөпке тасталған бір ғана кездейсоқ шылым үлкен өрттің шығуына себеп бола алады, әсіресе, ағаш ғимараттар мен аулалар көп жеке меншік секторда мұндай қауіп өте жоғары", - деді Р. Қондыбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны