19.04.2016, 12:27 6323

Отан қорғаушылар күніне арналған жұлдызды грим

Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арналған акцияны бастады. Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіӊніӊ парақшаӊда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арналған акцияны бастады. Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіӊніӊ парақшаӊда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде бастау алады, еп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Кез келген қалаған адам әлеуметтік желілерде фото немесе видеосымен бөлісіп, туған-туысқандарына, достарына және әріптестеріне құттықтау гримініӊ эстафетасын ұсына алады. Аквагрим мейрам символы түрінде орындалып, қолға салынуы тиіс.

Бұл идеяны қолдап, қорғаушыларымызды айрықша "жауынгерлік бояумен" бояп, құттықтағандардыӊ арасында алғашқылардыӊ бірі қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және тағы басқалар болды.

Отан қорғаушылар күні қарсаӊында барша ел осынау маӊызды мемлекеттік мерекені кеӊінен атап өтетінін айта кетейік. Искери бөлімдер мен бөлімшелерде салтанатты сап түзеулер өткізіліп, жауынгерлік және оқу-жаттығу даярлықтарында ерекше көзге түскен азаматтарды марапатталады. Соғыс және еӊбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардыӊ қатысуымен мектеп оқушыларына арнап ерлік сабақтары өткізіледі. Білім беру мекемелерінде мерекелік ертеӊгіліктер, байқаулар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ салтанатты сап түзеулер өткізіледі.

Биыл Отан қорғаушылар күні 2016 жылдыӊ тарихи атаулы датасы - Қазақстанныӊ мемлекеттік тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы және "Мәӊгілік ел" тұғыры - Қуатты Армия!" бірыӊғай ұраны аясында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны