16.02.2015, 12:06 4031

Өткен тәулікте қар құрсауынан 459 адам құтқарылды

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 13-14 ақпан аралығындағы өткен тәулікте Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ аумақтық органдары жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерімен бірлесе отырып, қар құрсауынан 459 адамды және 174 бірлік техниканы эвакуациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Еӊ көп жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысында болды. Мәселен, Ғ. Мүсірепов атындағы, М. Жұмабаев аудандарында, сондай-ақ Аққайыӊ, Айыртау, Шал ақын, Есіл, Қызылжар және Тайынша аудандарында қар құрсауынан 258 адам және 91 бірлік техника эвакуацияланды.

Жарқайыӊ, Ерейментау, Есіл, Жақсы және зеренді аудандарындағы Ақмола облысыныӊ автожолдарында 167 адам және 71 бірлік техника құтқарылып, эвакуацияланды.

Павлодар (Железин, Успен аудандары) және Қостанай (Сарыкөл ауданы) облыстарында 34 адам және 14 бірлік техника құтқарылып, эвакуацияланды.

Уақтылы, шұғыл ден қоюдыӊ және барлық құтқару қызметтердіӊ бірлескен іс-қимылдарыныӊ нәтижесінде аномальды төмен температура болған жағдайда қар құрсауында қалғандар аман қалып отыр.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде адамдар өлімін болдырмау бойынша шаралар қолдану үшін мақсатты жұмыстар жүргізілетіндігін, тұрақты түрде ескерту сипатындағы іс-шараларды өткізілетіндігін, дауылды алдын ала ескерту және қыс мезгіліндегі жүріс-тұрыс қағидалары мен шаралары ұйымдар мен халықтыӊ назарына жеткізілетіндігін, автомобиль жолдары уақытында жабатындығын атап кеткен жөн.

Автожолдардыӊ қар басуы мүмкін учаскелеріне қорғау қалқандары орнатылды, барлық қажетті қар тазалайтын және жол техникасы, 949 жылыту пункті әзірлікке келтірілді, 80 мыӊ текше көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды, 81 өрт сөндіру және қалпына келтіру поездары әзірлікке келтірілді.

Комитеттіӊ аумақтық бөлімшелері еліміздіӊ автожолдарында ауа райы нашарлаған уақытта халыққа СМС-хабарлама тарату, радио, телеарна, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы хабарлайды.

Сонымен қатар бүгінгі күні автожолдардыӊ аса авариялық-қауіпті учаскелерінде 40 күрежол медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, олар медициналық жабдықтармен, су сақтауға арналған ыдыспен және жанар-жағармай материалдарымен жарақталған.

Аталмыш күрежол медициналық-құтқару пункттері Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша тапсырмасын орындау аясында салынды.

Күрежол медициналық-құтқару пункттері өздерініӊ жоғары тиімділігін көрсетіп те үлгерді. Өткен жылы күрежол медициналық-құтқару пункттері 1188 шығу жасады, олардыӊ персоналы 4175 адамға медициналық көмек көрсетті, 1003 адам емдеу ұйымдарына жатқызылды, жол-көлік оқиғасы болған орындарға бригадалар келуініӊ орташа уақыты 25 минут. Бұл уақыт зардап шеккен адамға алғашқы көмекті аса тиімді көрсетуге мүмкіндік береді. Осы жылғы қыс мезгілініӊ басынан бастап бүгінгі күнге дейін күрежол медициналық-құтқару пункттері 386 шығу жасады, олардыӊ персоналы 1319 адамға медициналық көмек көрсетті, 333 адам емдеу ұйымдарына жатқызылды.

Халыққа қыс мезгілінде төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын оқытуға үлкен көӊіл бөлінеді. Оқытудыӊ интерактивті әдісі практикаға енгізілді, оныӊ аясында мектеп оқушылары қысқы қолайсыз ауа райы кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйренеді.

Қыс мезгілінде жолға шығардыӊ алдында Сізге автожолдардыӊ жағдайы туралы қосымша ақпаратты Ішкі істер департаменттерініӊ Жол-көлік басқармалары, "Қазавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ кезекші қызметтерінен, облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерініӊ Бірыӊғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен "112" телефоны бойынша алуға болады.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті халықты ақпараттандыру

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны