18.01.2017, 18:09 5296

Паралимпиада жүлдегерлері белгіленген жаӊа пошталық маркалар айналымға енді

Естеріӊізге сала кетейік, Зульфия Габидуллина - Рио-де-Жанейрода өткен XV-ші Паралимпиадалық ойындардыӊ жүзуден алтын жүлдегері, жаӊа әлемдік рекордтыӊ иегері, ал Раушан Қойшыбаева - XV-ші Паралимпиадалық ойындардыӊ пауэрлифтингтан күміс жүлдегері.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Пошта мен хаттар қашанда жақсы жаӊалықтыӊ жаршысы болатын. Енді сол хаттарды алатын адамдар біздіӊ чемпиондарымыз Зульфия Габидуллина мен Раушан Қойшыбаеваны көретін, танитын болады. Бұндай іс-шараныӊ жүзеге асырылуы еліміздіӊ атын шығарған спортшыларымызға деген аса ілтипатымен қатар, үлкен құрмет", - деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Паралимпиадалық Комитетініӊ Атқарушы Директоры Ерлан Сүлейменов мәлім етті.

Сонымен қатар спикер "Коллекционерлер мен филателисттердіӊ бұл маркаларды қадірлеп, маркалардыӊ бетіндегі оқиғаныӊ маӊыздылығын бағалай алатындығына сенімді" екендігін жеткізді.

Естеріӊізге сала кетейік, Зульфия Габидуллина - Рио-де-Жанейрода өткен XV-ші Паралимпиадалық ойындардыӊ жүзуден алтын жүлдегері, жаӊа әлемдік рекордтыӊ иегері, ал Раушан Қойшыбаева - XV-ші Паралимпиадалық ойындардыӊ пауэрлифтингтан күміс жүлдегері.

Казпочтаныӊ "Спорт" топтамасындағы "Рио-де-Жанейродағы XV Паралимпиадалық ойындар" тақырыбындағы маркалардыӊ таралымы - 15 000 дана.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны