30.04.2010, 14:23 6082

Павлодар - Алматы бағытындағы пойыз қатынамайтын болды

Павлодар - Алматы бағытындағы пойыз қатынамайтын болды

Павлодар. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысында теміржол төсемін реконструкциялауға байланысты бірқатар теміржол бағыттары, соның ішінде Павлодар - Алматы бағытындағы пойыз қатынамайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның өңірлік филиалына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның хабарлауынша, 30 мамырдан бастап Павлодар - Алматы бағытындағы №45 пойыз, Мәскеу, Екатеринбург, Киев пен Адлерге дейін баратын тіркемелі вагонды құрамдар қатынамайтын болады. Ал Екібастұз, Астана, Қарағанды мен Шу арқылы өтетін Павлодар - Алматы бағытындағы пойыз Екібастұз бен Алматыны байланыстыратын жалғыз теміржол бағыты болатын. Бұл шараны теміржолшылар мәжбүрлі шара дап атап отыр.

"Қазір біз "Қазақстан Темір Жолының" бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз, мақсат - пойыздардың жылдамдығын арттыру, ал бір жол реконструкцияланса, екіншісі ғана қолданылмақшы. Осыған байланысты 45-ші пойызды уақытша алдық", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның өңірлік филиалының павлодарлық "Северный" бөлігінің бастығы Нұрлан Сәрсембинов.

"Азия ойындарына байланысты Астана - Алматы бағытындағы жылдам жолды дайындап жатыр, сол себепті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін күндізгі уақытты пайдалану мақсатында кейбір бағыттар алынып жатыр. 45-ші пойызды да сондықтан алып отыр, бұл шешім ҚТЖ мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі деңгейінде шешілген", - деп мәлімдеді кәсіпорындағылар.

Тасымалдаушылар әзірге бағыт қашан іске қайта қосылатынын нақты айта алмайды. Компаниядағылардың мәлімдеуінше, қыркүйек айында қайта жандануы мүмкін. Ал қазіргі жағдаймен жолаушылар тасымалына қатысты тауқыметті жартылай азайту үшін кейбір шаралар қарастырылған.

"Сұранысқа байланысты Павлодар - Семей - Алматы бағытындағы пойыздың құрамы 45-ші пойыздан босайтын вагондардың есебінен 16-18 вагонға дейін ұлғайтылады", - деді Н. Сәрсембинов.

Сондай-ақ, оның мәліметінше, "жаз маусымындағы пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізілуге байланысты" Павлодардан Мәскеу, Екатеринбург, Киев пен Адлерге дейін баратын тіркемелі вагонды құрамдар қатынамайтын болады. Бұл орайда, Н. Сәрсембиновтың айтуынша, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның қызметкерлері жұмыссыз қалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны