02.03.2007, 12:59 3081

Павлодар облысында тұрғын үй қатынастары саласындағы заң бұзушылықтары үшін бірқатар шенеуніктер қызметінен босатылды

ПАВЛОДАР. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысында тұрғын үй қатынастары саласындағы заң бұзушылықтарға жол бергені үшін бірнеше шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлады журналистерге облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов.

Икімнің ақпараттарына сүйенсек, облыста Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 74 пәтер жекешелендірілген, оның бесеуі заңсыз. "Заңсыз жекешелендірілген бес пәтердің төртеуі тәркіленеді",- деп атап өтті облыс әкімі. Ол, бесінші пәтердің бастапқыда мемлекеттік қызметкерге жеңілдікпен жекешелендірілгендігін, бірақ артынан ақшасы толық төленгендігін түсіндіріп өтті. "Ийелдің үш бала тәрбиелеп отырғандығы, оның біреуі мүгедек екендігі ескерілді",- деп қосты ол.

"Коммуналдық тұрғын үйді жеке меншікке заңсыз рәсімдеген басқа шенеуніктерге шаралар қолданылды: қаржы департаменті директорының орынбасары С. Сұлтанова қызметінен босатылып, пәтерлерді заңсыз жекешелендірген мемлекеттік қызметкерлер В.Ю. Филяев пен Д.Р. Арғандықовтардың алаяқтық дерегі бойынша материалдар қаржы полициясының департаментіне жіберілді",- деп хабарлады аймақ басшысы.

Сонымен қатар, "республиканың ішкі істер министрінің атына облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ж. Сүлейменовтың тұрғын үйді заңсыз жекешелендіру дерегі бойынша хат жіберілген".

Сондай-ақ, Қ. Нұрпейісовтың сөздеріне сүйенсек, "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" МБ бастығы С. Галиакбар, "Павлодар қаласы әкімінің құрылыс бөлімі" МБ бастығы Г. Матиев, "Павлодар қаласы әкімінің қаржы бөлімі" МБ бастығының міндетін атқарушы Қалымов Б.К. өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қызметтерінен босатылды.

Өз кезегінде, тиісті бақылау қоймағаны үшін Павлодардың әкімі Бәкір Демеуовке қатаң сөгіс, оның орынбасарлары В. Берковский мен С. Каменовқа тұрғын үйді бөлу және жекешелендіру барысындағы заңды бұзғандықтары үшін сөгіс жарияланды.

"Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы жауапты шенеуніктердің жіберген барлық заң бұзушылықтарын тиісті органдар мұқият талдады",- деп атап өтті Қ. Нұрпейісов. Тұрғын үй заңының бұзылуына кінәлілер тиісті жазаларын алды, ал тұрғын үй бөлу мәселесін облыс басшылығы қатаң бақылауға алды, деп қосты облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны