28.10.2011, 12:47 3819

Павлодар облысындағы оқушының өліміне қатты соққы себеп болуы мүмкін

Павлодарда мектеп жертөлесінде жұмбақ жағдайда қаза болған оқушы өліміне қатысты сараптама нәтижелері шықты. Оған сәйкес, бозбаланың бауыры езіліп, оның салдарынан бала анафилактикалық шоктан бақилық болған.

Павлодар. 28-қазан. Kazakhstan Today - Павлодар облысындағы оқушының өліміне қатты соққы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Павлодарда мектеп жертөлесінде жұмбақ жағдайда қаза болған оқушы өліміне қатысты сараптама нәтижелері шықты. Оған сәйкес, бозбаланың бауыры езіліп, оның салдарынан бала анафилактикалық шоктан бақилық болған.

Алайда жасөспірімнің бауыры ұстазының соққысынан езілді ме, ол жағы әлі белгісіз. Бұл жайында құзырлы орындар ақпарат бермей отыр. Бір апта бұрын қайтыс болған 16 жасар жеткіншек бүгін қара жер қойнына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның соңында 11-сынып оқушысын сынып жетекшісі мектеп жертөлесіне жетектеп, сол жерде жеке сөйлескенін айтқанбыз. Осыдан кейін бозбаланы тірі көрген жан жоқ. Ауылды ұлардай шулатқан қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер де шығып жатыр. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Илеш Жүнісов Сашадан басқа оқушыларды да тәртіпке салмақ болып, сол жертөлеге апарып, қол жұмсаған екен. Бұны тергеу кезінде оқушылар жайып салған. Изірге мұғалім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйінде жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны