03.01.2008, 18:20 3054

Павлодар облыстық оқушылар мен студенттер Интернетті тегін пайдаланатын болады

Павлодар облыстық оқушылар мен студенттер Интернетті тегін пайдаланатын болады

Павлодар. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облыстық оқушылар мен студенттер Интернетті тегін пайдаланатын болады. Бұл туралы жаңа жыл қарсаңындағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов хабарлады.

"Біз балаларымызға сенеміз, біз ең таңдаулы білім бергімаіз келеді, сол себепті әлемдік Интернетке тегін қол жеткізу - маңызды мәселе және ол шұғыл шешуді қажет етеді", - деді Қ. Нұрпейісов.

Оның айтуынша, бұл мәселе жоғары оқу орындарының ректорларымен және облыстық білім беру департаментінің мамамндарымен бірге талқыланған. Икімнің сендіруінше, ағымдағы жылдың басында "Интернетті тегін тұтынуды қаржыландыруға қатысты барлық мәселелер шешімін табады". " 2008 жылы оқушылар мен студенттер үшін Интернетті тегін тұтыну мәселесі нақты ахуалға айналуға тиіс. Белгіленген меже - осы жылдың қыркүйек айында басталатын жаңа оқу жылы", - деді Қ. Нұрпейісов.

"Бұл өңірде білім беруді дамыту бағдарламасын табысты жүзеге асыруға жасалатын шешуші қадамдардың бірі боомақ. Бұған біздің қаржылық мүмкіндігіміз жетеді деген сенімдемін. Қалай болғанда да біз "Барлық игілік -балаларға" деген принципке сәйкес өмір сүруге тиіспіз, - деді облыс әкімі.

Қ. Нұрпейісовтың айтуынша, 2007 жылы Павлодар облысындағы барлық мектептер ғаламдық ақпараттық желіге қосылды, сонымен бірге, 420 білім ошағы интерактивті тақталарға ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны