04.01.2008, 12:56 1879

Павлодарда аяздың күшеюінен жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің қозғалысы тоқтатылды

Павлодарда аяздың күшеюінен жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің қозғалысы тоқтатылды

Павлодар. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда аяздың күшеюінен жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық коммуналдық "№1 Автобусный парк" кәсіпорнындағылар хабарлады.

Бүгінде бірнеше бағыттармен жүретін автобустардың 30% тоқтап тұр. Бұндай жағдай қатты аяздан қатып қалатын сапасыз дизель отыны салдарынан туындап отыр.

"Біздің көліктеріміз жылы бокстерде тұрады. Таңертең олар жолға шығып, кесте бойынша екі рет бағытпен жүргеннен кейін, істен шыға бастады", - деді автопарк директоры Сергей Ватутин. Оның сөздері бойынша, "аяздан дизельдік отын "іріткіге" айнала бастады.

Мамандардық ақпараты бойынша, автобус паркі қысқы солярканың бір литрін 89 теңгеге сатып алады. Алайда, ондай отын стандарттарға сәйкес келмейтіндіктен, төменгі температураға төтеп бере алмайды.

Отын сапасының төмен болуына халықаралық және қалааралық бағыттарда жүретін автобус жүргізушілері де наразылықтарын білдіруде."Автовокзалсервис" ЖШС өкілінің айтуынша "жолда солярканың қатып қалуының соңы өте ауыр жағдайға ұрындыруы мүмкін". Бүгін таңертең Омск жаққа бет алған автобус отын сапасының төмен болуынан істен шықты. Күшейген аяздың салдарынан және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, компания Астанада- Қарағанды бағытындағы автобустың жол жүруіне тыйым салды.

Төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағанындай, бүгін түнде Астана-Павлодар көлік трассасында Шербақты поселкесінің маңында жолаушы автобусынан 18 адам құтқарылды. Көліктің жүргізушісі автобустың тұрып қалғандығы жөнінде ақпаратты астаналық көлік қызметіне хабарлады. Алайда, бұл ақпарат кезекші диспетчерден басқа жаққа таралмады. Болған оқиға туралы шұғыл әрекет-ету қызметіне "Хабар" телеарнасының журналистері айтқаннан кейін жолда тұрып қалғандарға арнайы техника жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны