23.02.2007, 10:50 3142

Павлодарда пәтерге қатысты алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен екіқабат әйел ұсталды

ПАВЛОДАР. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда пәтерге қатысты бірқатар алаяқтық оқиғаларына қатысы бар деген күдікпен екіқабат әйел ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар ІІД Солтүстік бөлімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 36 жастағы Қарлығаш Иміренова өзін бір коммерциялық банктің қызметкерімін деп таныстырып, адамдарға арзан бағаға пәтер алуды ұсынатын болған. "Мәселен, екә бөлмелі пәтердің бағасын ол 9 мың долларға бағалаған",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті адамдарға бұл пәтерлер ипотекалық бағдарламаға сәйкес сатылған және несиені қайтара алмай қалған дәрменсіз борышкерлерден алынған деп түсіндірген. "Банк өзінің жоғалтқан қаржысын қайтарғысы келеді, сол себепті тәркіленген пәтерлерді жаңа қожайындарға тез арада сатудан мүдделі деген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Алаяқ өз құрбандарына мүлдем жоқ пәтерлердің тізімін көрсетіп келген.

Арзан пәтер сатып алуға ниет білдіргендерден ол алғашқы жарна ретінде 100 мыңнан 650 мың теңгеге дейін талап еткен. Полицияның мәліметтерінше, қазіргі жағдаймен ұсталған әйелдің осындай алаяқтық әрекеттеріне қатысты 20-дан астам деректің бетін ашты. Алдын-ала бағаға сәйкес, шығын көлемі бірнеше миллион теңгеден асады.

Қ.Иміреноваға қатысты тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің "бірнеше мәрте қайталанған алаяқтық" жөніндегі 175-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Алайда, аяғы ауыр күдікті әйелдің күніне таяп отырғанына байланысты одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып босатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны