01.10.2007, 16:47 3765

Павлодарда жылыту маусымы басталды

Павлодарда жылыту маусымы басталды

Павлодар. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда бүгіннен бастап жылыту маусымы басталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бұл жұмыс әдеттегідей әлеуметтік мекемелерге, ауруханаларға, мектептерге, бала бақшалар мен интернаттарға жылу берумен басталды",- деп атап өтті қалалық әкімшіліктегілер. Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен көлік жолдары бөлімінің бастығы Закария Сұлтанғазиновтың ақпараттарына сүйенсек, дүйсенбі күні түстен кейін әлеуметтік нысандардың 95 пайызы жылумен қамтамасыз етілген. "Қазір 38 мектепке, 40 бала бақша мен 21 денсаулық сақтау мекемелеріне жылу берілді, қалғандары жақын арада қосылады",- деп атап өтті.

Бөлім бастығының ақпараттарына сүйенсек, жылы беру белгіленген кесте бойынша беріліп жатыр.

"Біз қыстың қатты болатындығын ескере отырып, қала тұрғындарын үйлеріндегі жылуды сақтауға шақырдық",- деп хабарлады З. Сұлтанғазинов. Ол сондай-ақ, "үстіміздегі жылы әкімшілік пәтер иелерінің кооперативтерімен бірлесе отырып, бірінші рет подъездерге жылуланған есіктер орнату мен терезелердің әйнектері салуға қатысты кешенді жұмыс жүргізді",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны