12.02.2008, 18:11 3011

Павлодарда жылуды тежейтін материалдарды шығаратын шағын зауыттың бірінші желісі іске қосылды

Павлодарда жылуды тежейтін материалдарды шығаратын шағын зауыттың бірінші желісі іске қосылды

Павлодар. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда жылуды тежейтін материалдарды шығаратын "Базальттық технологиялар" шағын зауытының бірінші желісі іске қосылды. Бұл туралы журналистерге бүгін зауыттың атқарушы директоры Болат Жапарғалиев хабарлады.

Б. Жапарғалиевтың сөздері бойынша, жаңа зауыт бұрынғы Павлодар химиялық зауытының территориясындағы №119 корпусында орналасқан. Шағын-зауыт тігілген маттарды және базальттық мақталардан жасалатын тақталарды жасап шығарады.

"Бұл өте қажет өнім, ол құрылыс индустриясында қолданылады, энергетика және өмірдегі барлық салалар бойынша пайдаланылады. Сондықтан біздің қаламызда оның өндірісін бастағанымызды мақтан тұтамыз", - деді Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов зауыттың салтанатты ашылу рәсімінде. Икім атап өткеніндей, "Бүгінде Қазақстанда импорттық заттарды алмастыратын өнімдер мен заттарды шығаратын шағын кәсіпорындарға үлкен сенім артылып отыр ".

Бірінші желіні іске қосу үшін 715 млн теңге инвестиция салынды. " Бұл қарыз отандық банктер тарапынан біріліп, олар жобаны қолдап, біздерге несие бөлді ", -деп атап өтті ол. Кәсіпорын бүгінгі күні жылына 60 мың текше метр минералды мақта өнімдерін немесе сағатына 1 тоннадан аса жылуды тежейтін материалдарды шығаруға мүмкіндігі бар.

"Жақын арада кәсіпорынның екінші кезектегі монтажы басталады. Сонда зауыт қуаттылығы жылына 180 текше метрге немесе сағатына 5 мың тоннаға дейін жетеді", - деп хабарлады "Базальттық технологиялар" зауытының атқарушы директоры.

Жаңа шағын зауыты жылуды тежеу материалдарын Цельсий өлшемі бойынша +1580 грудусында арнайы электрдоғалық пешінде қиыршық тастарды балқыту арқылы алады. Кәсіпорын басшылары атап өткеніндей, мұндай пеш Қазақстанда алғаш рет орнатылды. Негізгі құрал- жабдықтар Челябинск қаласының "Стандартты емес техногиялар зауытында" жасалды. Шикізат ретінде Павлодар облысының Шідерті кен орнындағы қиыршық тастар мен Ақмола облысындағы Алексеевка кен орнындағы доломит пайдаланылуда.

Шағын зауыттың бірінші желісі іске қосылғалы 91 адам жұмысқа орналасты. Олардың орташа еңбек ақы мөлшері 59 042 теңге. Қызметкерлер Челябинск, Екатеринбург, Қазан қаларындағы аралас кәсіпорындарында оқытылып дайындалды. Б. Жапарғалиев атап өткеніндей, кәсіпорын үлкен мәселеге тап болды. Ол-кәсіби мамандардың тапшылығы. Оның сөздері бойынша, нарықта көбінесе, технологиялық құрал- жабдықтардың операторлары, кәсіби металлургтер мен инженер-химиктер жетіспейді.

Павлодарлық мамандардың айтуынша, жылу тежеу материалдардың басым бөлігі Қазақстаннан Ресейге, Қытайға импортталады. Отандық нарықтың жылдың сұранысы 200 мың текше метрден аса шыны мақтасы мен басқа заттар құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны