25.08.2011, 11:12 4477

Перуде күшті жер сілкінісі болды

Перудің Бразилиямен шектесіп жатқан солтүстік ауданында 7 балдық жер сілкінісі болған.

Алматы. 25-тамыз. Kazakhstan Today - , Перуде күшті жер сілкінісі болдыдеп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Перудің Бразилиямен шектесіп жатқан солтүстік ауданында 7 балдық жер сілкінісі болған.

АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің кіндігі Пукальпа қаласының солтүстігіне қарай 82 шақырым жерде және ел астанасы Лима қаласының солтүстік-шығысына қарай 567 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің күші өте қатты болған, алайда оның тереңдігі 145,1 шақырымда жатқандықтан, жер бетіне айтарлықтай зақым келтірмеуі тиіс.

Қаза тапқандар мен задап шеккендер туралы хабарлама жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың 23 тамызы күні АҚШ-та 5,9 балдық жойқын жер сілкінісі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны