30.09.2009, 17:39 5982

Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қоғамдық-гуманитарлық ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасының төмендігін атап өтті

Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қоғамдық-гуманитарлық ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасының төмендігін атап өтті

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Ишімбаев елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-гуманитарлық ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасының төмендігін атап өтті. Бұл туралы ол бүгін Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілерімен өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы төмен деңгейде қалып отыр, диссертациялық зерттеулер көбінесе ұсақтап кеткен немесе жиі қайталанады", - деді М. Ишімбаев. Оның айтуынша, зерттеулердің ғылыми нәтижесінің жаңашылдығына күмән жиі туады, соған қарамастан, ғылым кандидаттары мен докторларының саны өсе түсуде.

"Диссертациялардың сапасы көп жағдайда сын көтермейді", - деді ол.

Сондай-ақ, М. Ишімбаев елімізде жиі өткізіліп жататын түрлі форумдар мен конференцияларға қатысты да сын айтты, олар көп жағдайда "айтарлықтай ғылыми нәтижеге алып келмейді", деді ол.

"Барлық институттар дерлік халықаралық және республикалық конференциялар өткізіп жатады, және көп жағдайда осындай ауқымды әрі шығынды іс-шараның жалғыз нәтижесі - жұмыстардың жинағына ғана келіп тіреледі, ал оларды осындай форум өткізбей-ақ жариялай беруге болар еді, деді ол. Сансыз көп конференциялардан үлкен ғылыми нәтиже күту әрдайым мүмкін емес", - деді М. Ишімбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны