13.02.2007, 14:28 4360

Президент үш жылдық "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесін жоғары бағалады

АСТАНА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үш жылдық "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен бұл бағдарлама өте татымды нәтиже берді, деп санаймын",- деді бүгін "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде сөз сөйлеген президент.

"Өткен үш жылда еліміздің мәдени мұрасын зерделеудің, маңызды тарихи-мәдени, сәулетті ескерткіштерді қайта жаңғыртудың тұтастай жүйесін құруға қатысы үлкен жұмыс атқарылды",- деп атап өтті Елбасы.

"Мәдени мұра" бағдарламасы тек ТМД елдерінде ғана емес, дүниежүзілік қауымдастық шеңберінде де жоғары бағаға ие болды. 2006 жылдың сәуірінде Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде оның тұсаукесері сәтті өтті",- деді Н. Назарбаев.

Оның сөзіне сүйенсек, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 2,7 млрд теңге бөлінген.

"Мәдени мұра" бағдарламасы тек пайдакүнемдікті көздеп немесе біздің тарихи-мәдени мұраларымызды қайта қалпына келтірумен шектеліп қана қоймайды. Оның негізгі көздегені - қоғамдық сананың позитивті алға басуына қол жеткізу, және осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық жалпы мемлекеттік мәнге ие",- атап көрсетті Н. Назарбаев. "Иңгіме біздің ұлтымыздың маңызды рухани негіздерінің бірі болып табылатын, ұлттың тарихи санасының шегін кеңейту мен оның алатын ролін күшейту туралы болып отыр", - деп түсіндіріп өтті ол.

"Сонымен қатар, бағдарлама ұлттық сана-сезімді және де бірегейлікті нығайту мен қалыптастыруға байланысты сұрақтардың жауабы болып отыр. Тарихи-мәдени мұраның жаһандану дәуірінде бірегейлікті сақтап қалу бастысы, оны сақтай алмаған жағдайда жаһанданған әлемде тағы да адасып қалу қаупіміз бар",- деді президент.

Елбасының пікірінше, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ "қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетін зерделеуге деген қызығушылығын арттыруда да үлкен маңызға" ие болды. "Мәдение мұраны иемдену - бұл халықтың тарихи жадысының негізі, онсыз өз кезегінде шынайы отансүйгіштік деген болмайды",- деп атап өтті ол. "Біз бүгінде қолымыздағы тарихи мәдени тұғырдың азаматталықтың, патриоттық құндылықтардың өсуіне нақты себепші болатындығын растайтын жаппай танымдағы маңызды өзгерістерді байқай аламыз",- деп қосты Н. Назарбаев.

"Бағдарламаның біздің көп ұлтты еліміздегі ұлттар арасындағы өзара түсіністік, ұлт арасындағы үйлесімділік тұрғыдан алып қарағандағы әлеуетін атап өтпеуге болмайды",- деді президент. "Мен қазақ ұлтының бай тарихи жолын, оның мәдениетінің Қазақстанның басқа халқынан өзгешелігін тану және сонымен біруақытта қарқынды өзара этномәдени алмасулар - бұл өзара төзімділік, бір-біріне деген сыйластық пен сенімді нығайтудағы ең игілікті және тиімді жол екендігіне сенімдімін",- деді ол.

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асыру барысында 35 тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 30 көне қала , қорым, қоныс пен қорғандарға маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасында, Түркия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Батыс Еуропа елдерінде ғылыми-іздеу жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде Қазақстан тарихына, этнографиясы мен көркемөнеріне қатысты 5 мыңға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылып, елге әкелінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны