27.09.2007, 10:34 1474

"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда

"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда

Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 26-қыркүйектің 17.30 жағдаймен Ресей жағы "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде топырақты қайтадан зарарсыздандыру шараларын жалғастыруда. "Ресей жағының топырақ сынамаларына жүргізген талдауы "Бриз-М" үдеткіш блогы құлаған жерде гептил бойынша шектеулі деңгейдің артып кеткенін көрсеткен",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

"27 - 28 қыркүйекте үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде детоксиакциялық шараларды қайталап жүргізу межеленген. Сондай-ақ екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шаралары да жалғасуда. Жұмыстардың 80 пайызы атқарылған",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны