11.01.2020, 16:48 5076

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық үшін күдік деп танылды

Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген.

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық үшін күдік деп танылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп пара алу күдігі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Кинологиялық орталығы" РММ басшысы мен оның орынбасарын әшкереледі.

Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны