27.06.2022, 16:41 15316

ҚР ІІМ жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстыру қажет пе екенін айтты

ҚР ІІМ жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстыру қажет пе екенін айтты
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 27 МАУСЫМ - Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
 
Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.
 

Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек", - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

 
Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны