12.03.2019, 23:53 14354

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 37 өтінішті қарады

Өзара іс-әрекет құралдарының бірі кәсіпкерлердің өтініштерін қарау болып табылады. 2019 жылдың өткен кезеңінде департамент 37 өтінішті қарады. Анықталған құқық бұзушылықтарға сәйкес бұзылған құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Көкшетау. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау - мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты басымдық.

Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджановтың қатысуымен азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы бұзылған құқықтарын қорғау жөнінде брифинг ұйымдастырды.

Спикердің айтуынша, қызмет алушылардың шағымдарын қарау департамент қызметінің басты бағыттарының бірі.

"Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік бөгеттерді азайту және бизнес климатты жақсарту мақсатында департамент Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыс жасауда" - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

Өзара іс-әрекет құралдарының бірі кәсіпкерлердің өтініштерін қарау болып табылады. 2019 жылдың өткен кезеңінде департамент 37 өтінішті қарады. Анықталған құқық бұзушылықтарға сәйкес бұзылған құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Мысалға, кәсіпкерлеріміздің біреуінің өтінішін қарау нәтижесінде агроөнеркәсіп кешені субъектісіне инвестициялық салынымдар бойынша шығындарды өтеу үшін тиісті субсидиялардың толық мөлшерде берілмегені анықталды" - дейді спикер.

Департаменттің аталған мәселеге араласуынан кейін ғана кәсіпкердің өтініші комиссия отырысында қайта қаралып, оған төленбеген қаражат тиісті мөлшерде төленді.

Сонымен қатар Департаментке Әубәкіров Базарбай есімді жеке кәсіпкер өтінім білдіріп, жер аймағын жалға алу мерзімін ұзарту барысында туындаған мәселесімен бөлісті.

"Департамент кәсіпкерге мемлекеттік қызметке қол жеткізу үшін өтінім жазуға консультациялық көмек көрсетті. Сонымен қатаркәсіпкердің құқықтары жер комиссиясы мүшелеріне түсіндіріліп, аталған комиссия отырысының нәтижесінде Б.Р.Әубәкіровке жер аймағына ие болу құқығын беруге ұсыным енгізілді" - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

Осылай департамент кәсіпкерге заңнама шеңберінде жер аймағын жалға беру құқығын ұзарту мәселесін шешуге көмек көрсетті.

Кәсіпкер Базарбай Әубәкіровтың айтуынша, кәсіпкерлердің көпшілігі өз құқықтарын толық білмегендіктен және оларды қорғау үшін тиісті заңнамалық білімі болмағандықтан бірқатар мәселелерге тап болады. Алайда осындай жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы құзыретті мамандар көмекке келіп жатады.

Сонымен қатар Әділбек Мұхамеджанов мемлекеттік органдарға бармай ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің әдістері жөнінде айтап өтті.

"Мысалға, @EgovKzBot - электронды үкіметі ботының алғашқы нұсқасы жұмысы іске қосылған. Бүгінгі таңда бот арқылы 20 астам қызметтер мен сервистерге қол жеткізуге болады. Ботпен жұмыс істеу үшін eGov.kz тіркеліп, ұялы телефон нөмірін порталдағы профильмен байланыстыру керек", - дейді спикер.

Жалпы Әділбек Мұхамеджановтың айтуынша, мекен-жай анықтамасына қоса жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқтығын немесе сотталмағандығын растайтын анықтамаларға қол жеткізу қызметтері де қазіргі таңда ең сұранысқа ие қызметтер қатарынан табылады, деп хабарлайды Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны