25.05.2007, 18:46 2446

Рахат Илиев өзіне тағылған айыпты абсурд деп санайды

АЛМАТЫ. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі Рахат Илиев өзіне адам ұрлауға қатысты тағылған айыпты абсурд деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен үшін бұл істі қозғау мүлдем мағынасыз екендігі айқын",- деді Рахат Илиев Би-би-сиге берген сұхбатында. "Мен барлық тергеу істері мен сұрақтарға жауап беруге дайынмын, бірақ мен үшін бұл жағдай ешқандай қисынға келмейді",- деп атап көрсетті дипломат.

Рахат Илиев өзі акционері болып табылатын "Нұрбанк" банк басқармасының бұрынғы төрағасын іздеуге көмектесетін кез-келген ақпарат үшін сыйақы жариялағандығын еске сала кетті. "Ирине, мен де Темірәлиевтің табылғанын қалаймын",- деді Рахат Илиев.

Би-би-си сондай-ақ "КТК" телеарнасы мен "Караван" апталығы... өз қызметін тоқтатты деп хабарлады. "Телеарна мен газеттің жабылуынан бір күн бұрын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Рахат Илиевті 2007 жылдың қаңтарында ... Ибілмәжін Гылымов пен Жолдас Темірәлиевті ұрлаған деп айыптай отырып, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған",- деп хабарлайды Би-би-си.

"Қазақстан Республикасыныі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметовтың айтуынша, тексеру тікелей президент Назарбаевтың тапсырмасымен жүргізілуде",- делінген Би-Би-Си хабарында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны