02.08.2021, 21:53 15515

"Әрбір екінші науқасқа оттегі қажет": елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына жүгінді

НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Нұр-Cұлтан қаласының дәрігерлері қала тұрғындарына уақытылы вакцина егуді және санитарлық нормаларды сақтауды сұрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тек өткен тәулікте ғана инфекциялық стационарларға 178 адам жатқызылды. Төсектер бірден толып жатыр! Әрбір екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет, олар инвазивті емес желдету астында жатыр. Ал жағдайы тым нашарлар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", — дейді жұқпалы аурулар ауруханаларының медицина қызметкерлері.

 
Ковидтік ауруханаларда өздігінен демалуға әлі жоқ 40 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Мұндай жағдай елордалық дәрігерлерді алаңдатып отыр, ақ халаттылар қала тұрғындарын сақ болуға, карантин мен шектеу шараларын бұзбауға шақырады. Тек вакцинация өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 
Дәрігерлер жағдайы ауыр науқастардың басым бөлігі екпе алмаған, онымен қоса санитарлық талаптарды елемей, салтанатты іс-шараларға қатысқан немесе ұйымдастырған азаматтар екенін айтады.
 

Бізде бір ерлі-зайыптылар болды. Тексеру жүргізген кезде, олар жақында ғана адам көп жиналған мерейтойға барғанын мойындады. Көздеріне жас алып, ешқайда шықпағанымыз дұрыс болар еді деп өкінішін білдірді. Өйткені ол кезде күйеуінің жағдайы тым нашар еді. Денсаулықпен ойнамау керектігін тағы да еске салғым келеді. Егер сіз санитарлық нормаларды сақтамасаңыз және екпе алмасаңыз, онда "маған ауру жұқпайды" деп еркін жүре беруге болмайды", — дейді ковидтік ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін жұқпалы аурулар дәрігері Гүлбақыт Адижанова.

 
2 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық стационарларында 2 903 науқас жатыр. Реанимацияда 260 адам, 40 пациент ӨЖЖ аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресу үшін қалада 16 стационар және 6 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны