21.01.2011, 13:24 3436

Референдумды қолдаған қазақстандықтардың қолдары қойылған қағаздары үш айдан кейін жойылады

Еліміздің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдауға Қазақстан азаматтарының қолдары қойылған қағаздары үш айдан кейін жойылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылдың 13 қаңтарындағы № 14/19 қаулысында айтылған. Қаулының мәтіні бүгін ресми БАҚ жарық көрді.

Алматы. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Еліміздің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдауға Қазақстан азаматтарының қолдары қойылған қағаздары үш айдан кейін жойылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылдың 13 қаңтарындағы № 14/19 қаулысында айтылған. Қаулының мәтіні бүгін ресми БАҚ жарық көрді.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Республикалық референдум туралы" заңға сәйкес республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қолын жинау үшін қол қойылған қағаздар Орталық сайлау комиссиясында құпия ақпарат ретінде референдумның бастамашыл тобынан құжатты алған уақыттан бастап үш ай сақталады, содан кейін жойылады", - делінген құжатта.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында жиырма жетінші желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады. Заңнамаға сәйкес референдумның бастамашылары 200 мыңнан аса азаматтың қолын жинауға тиіс. Бейсенбіде Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы қорытынды хаттаманы бекітті: жалпы референдумды қолдауға 5 миллион 16 мың қол жиналды, 194 мың қол жарамсыз болып табылды.

Ресми басылымдарда жалпы сайлау өткізусіз қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістерді республикалық референдумға шығару туралы парламенттің ұсынысын Назарбаевтың қабылдамай қайтарған президенттің жарлығы жарияланған.

Дегенмен депутаттар жұмада өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында сайлау өткізусіз оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бойынша мемлекет басшысының ветосын еңсеріп, Конституцияға референдум туралы түзетулерді қабылдады.

Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан бері отыр. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауы өтуге тиіс болатын, оған Назарбаев өз кандидатурасын ұсынбақ болған.

Қазақстанда әрекеттегі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылғы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны