02.12.2011, 14:07 3462

Рейтер агенттігінің басшысы отставкаға кетеді

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2001 жылдан бастап Reuters ақпарат тобын басқарған Том Глосер 1 қаңтарда қызметінен кетеді.

Нью-Йорк. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Рейтер агенттігінің басшысы отставкаға кетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2001 жылдан бастап Reuters ақпарат тобын басқарған Том Глосер 1 қаңтарда қызметінен кетеді.

2007 жылы Thomson компаниясының құрамына еніп Thomson Reuters деп аталған компанияны операциялық директор қызметін атқарып жүрген Джим Смит басқаратын болды.

51 жастағы Т.Глосер қызметінен кеткенде Thomson Reuters директорлар кеңесінің құрамынан шығады.

Дж.Смит Thomson компаниясында 1987 жылдан бері қызмет атқарады. Ол операциялық директор болып тағайындалғанға дейін заң, салық және өзге де бөлімшелерді басқарды.

Thomson Reuters компаниясының 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы табысы 6%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны