21.12.2007, 19:08 2984

Ресей мен Қазақстанның көлік министрлері Батыс Еуропа мен Батыс Қытай арасындағы бағыттар жүйесіне енетін автожолдарды дамыту жайын қарастырды

Ресей мен Қазақстанның көлік министрлері Батыс Еуропа мен Батыс Қытай арасындағы бағыттар жүйесіне енетін автожолдарды дамыту жайын қарастырды

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов пен РФ көлік ведомствосының басшысы Игорь Левитин бүгін Оренбург қаласында Батыс Еуропа мен Батыс Қытай арасындағы бағыттар жүйесіне енетін автожолдарды дамыту жайын қарастырды. Бұл туралы агенттікке ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында көліктік кешенді дамыту саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Атап айтсақ, екі елдің қызығушылық танытқан субъектілеріне "Санкт-Петербург-Казань-Оренбург-Ақтөбе-Алматы-Қорғас" бағдарғысын дамытуға қатысуды ұсыну жөнінде келісті. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар осы бағытты Біріккен ұлттар ұйымының Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы аясындағы азиялық автомобиль жолдары тізіміне қосу косу жөніндегі мәселені қарастыруға қатысты келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ, көліктегі ақпраттық технологиялар мен логистиканы дамыту бойынша бірігіп жұмыс жасауды жалғастырмақ болып шешім қабылдады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Батыс еуропа - Батыс Қытай" жобасының құны шамамен 902,2 млрд (7,5 млрд АҚШ доллары) теңгені құрайды.

Бұл жобаның іске асырылуы жолда жүруга кететін уақытта 48 сағатқа қысқартады, республика аймақтарының дамуына да оң ықпал етеді. Осы дәліздің бойында 4,6 млн адам, Қазақстан халқының үштен бір бөлігі тұрады.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізі Орталық Азия елдері мен Еуропа арасындағы көліктік қатынасты, сонымен бірге Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Ресейге, одан әрі Еуропаға шығуды қамтамасыз етеді.Таяу уақытта дәлізді қалыптастыру мәселесін ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) аясында талқылау жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылы ҚР көлік және коммуникация министрлігі "Самара-Шымкент", "Ташкент-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас" автожолдарын қалпына келтіру жобасы бойынша спутниктік навигация және жүк ағынын бақылау, көліктік-логистикалық орталықтар мен жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жайы қарстырылған техникалық-экономикалық негіздеме жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстан және Еуропа елдері, Ресей мен Қытайдың заң және нормативтік актілері зерттелді. Еуроодақ елдерінің тәжірибесін қолдана отырып, шекарадан өту шараларын сәйкестендіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Осы жылы Ақтөбе облысы аймағы бойынша ұзақтығы 215 км болатын халықаралық бағдарғының бүлінген учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Келесі жылы "Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасына" дейінгі ұзындығы 213 км болатын жолдың бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Жобаны іске асырысы барысында шекаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында көршілес екі ел арасында жылдамдығы жоғары "Казань-Орынбор-Ақтөбе" автомагистралін салу үшін күш біріктіру туралы шешім қабылданды

Сонымен қатар, РФ-на (Астрахань, Озинки, Самара, Қорған, Омбыға) шығатын автожолдарды толығымен қайта жөндеу жоспарланып отыр. Челябинскіге шығатын автожолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Көліктік ынтымақтастық Комитетінің Одессада өткен кезекті отырысында Риддерден Шу трактісіне дейінгі Е-40 дәлізін одан әрі дамыту ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны