21.07.2008, 18:20 3175

Ресей мен Қытай екі ел арасындағы шекара сызығын анықтайтын хаттамаға қол қойды

Ресей мен Қытай екі ел арасындағы шекара сызығын анықтайтын хаттамаға қол қойды

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - РФ мен ҚХР сыртқы істер министрлері Пекинде Амур өзенінің бойымен өтетін екі ел арасындағы шекара сызығын анықтайтын қосымша хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтингке" (РБК) сілтеме жасай отырып.

РБК ақпаратына сүйенсек, Ресей мен Қытайдың сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ян Цзечи Пекинде Амур өзенінің бойымен өтетін Ресей мен Қытайдың мемлекеттік шекара сызығын анықтайтын қосымша хаттамаға қол қойған. Бұл құжат ортақ шекараның заңдық рәсімделуін аяқтауға және сол арқылы ұзақтығы 40 жылға созылған мемлекеттік шекараны ажырату келіссөздерінің барлық проблемаларын жоюға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны