01.02.2007, 16:16 3100

Ресей президентінің лауазымына мұрагерлік болмайды

АЛМАТЫ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин Ресей мемлекетінің жаңа басшысының лауазымына ешқандай мұрагерліктің болмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мұрагерлікке қатысты мәселеге тоқталатын болсақ, ешқандай мұрагерлік болмайды, мен бұны бірінші рет айтып отырған жоқпын. Ал, Ресей президентінің лауазымына кандидаттар болады", - деп мәлімдеді В. Путин бүгін Кремльдегі баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей президентінің кезекті сайлауы 2008 жылы өтеді. Осы жылы В. Путиннің мемлекет басшысы постындағы екінші мерізімі аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны