02.02.2011, 12:55 3587

Ресей тағы бір әскери жер серігінен айырылып қалуы мүмкін

Ресей тағы бір әскери жер серігінен айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РБК ғарыш саласының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәскеу. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - Ресей тағы бір әскери жер серігінен айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РБК ғарыш саласының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Плесецк ғарыш айлағында әскери жер серігі "Гео-ИК-2?-ті ұшыру бойынша орын алған төтенше жағдайды тергеу комиссиясы жұмысын бастаған.

Искери зерттеулерге арналған ғарыш аппараты бар "Рокот" зымыран-тасығышы 1 ақпан күні Мәскеу уақыты бойынша 17.00-де Плесецк ғарыш алаңынан ұшырылған болатын. Алайда, ғарыш аппараты РФ аумағындағы радио-бақылау аймағына белгіленген уақытта шыққан жоқ.

Көп кешікпей жер серігін американдық бақылау құралдары анықтап, жер серігінің тіркелген параметрлері есептегеннен анағұрлым өзгеше екендігін байқаған. Ресей ғарыш айлағында ғарыш аппаратының орбитадағы параметрлерін анықтау, сөйтіп, онымен байланыс орнату іс шараларын қалпына келтіруде екендіктерін мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны