28.09.2010, 15:48 3195

Ресейдің президенті Мәскеу мэрінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Ресейдің президенті Дмитрий Медведев Мәскеудің мэрі Юрий Лужковтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәскеу. 28 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресейдің президенті Дмитрий Медведев Мәскеудің мэрі Юрий Лужковтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д. Медведев "Мәскеу мэрінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойған.

Құжатта: "Мәскеудің мэрі Лужков Юрий Михайлович Ресей Федерациясының президентінің сенімін жоғалтқандығына байланысты лауазымынан шығарылсын", деп айтылған.

Президенттің осы жарлығымен Мәскеу мэрінің міндетін уақытша атқарып отырған Владимир Ресин тағайындалды.

Жарлық оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны